"Qazaqstan телеарнасының жаңа маусымдағы жобаларының бірі – "Жұлдызды жұп" бағдарламасының түсірілімі қарсаңында қатысушылар орналасатын қонақ үй нөмірін алдын ала рәсімдеуде қателік кеткен. Нақтырақ айтқанда, әнші Ақбота Керімбекова келіп түскен қонақ үйде оған арналған нөмір бос болмай шыққан. Ұйымдастырушылар тарапынан мәселе шешімі ретінде бірден өзге бірнеше қонақ үйден нөмір таңдау ұсынылды, бірақ әнші одан бас тартты. Ақбота Керімбекова мен ұлы Біржан Шалқар – бағдарламаның таңдаулы жұптарының бірі. "Жұлдызды жұп"– тек музыкалық шоу емес, отбасылық құндылық, ән өнеріндегі дәстүр жалғастығы мен сабақтастығын көрсетуге бағытталған жоба. Жобада дәстүрлі әндер де, танымал композиторлардың халық арасында кең танылған шығармалары да, заманауи эстрада әндері де орындалады. Бағдарламаның қатысушылары мен олардың репертуарын Корпорацияның Көркемдік кеңесі іріктеп, бекітеді. Динара Адам продакшн компанияда жоба кеңесшісі міндетін атқарады. Одан бөлек, бұл жобада 195 маман қызмет етеді. Бағдарлама продюсері арнаның бұған дейінгі "Егіз лебіз", "Дара бала" сияқты жобаларына жетекшілік еткен тәжірибелі маман Сандуғаш Рахымжанова. Qazaqstan телеарнасының музыкалық бағыттағы жобаларын өндіруші компаниялар арасындағы байқау ірі продакшндар арасында әр маусым сайын жарияланады. Отандық нарықта мұндай жобаларға маманданған шығармашылық ұжымдар көп емес. Qazaqstan телеарнасы мен арна көрермендері А.Керімбекова мен әншінің ұлы Біржан Шалқарды жобадан әрі қарай да көргісі келеді. "Жұлдызды жұп" жобасы әр сенбі 20:00-де тікелей эфирде шығады", – делінген Massaget.kz тілшісіне жауабында.Еске салайық, бұған дейін Ақбота Керімбекова Ұлттық арнаның басқарма төрайымы Ләззат Танысбайға үндеу жариялаған болатын. Әншінің үндеу жасауына "Жұлдызды жұп" атты жаңа жобаның дұрыс ұйымдастырылмауы және отандық телеарналардағы жобаны, тендерді жеңіп алудың түрлі жолдары мен мәселесі себеп болған. Әнші Ақорданы, тіпті Тоқаевты белгілеген.
Әнші Ақбота қонақ үйден орын болмағаны үшін жобадан кеткен бе?
-
Дәрігерлер қателігі операцияға жеткізді: емхана 1,6 млн теңге төлейді18:00, 17 тамыз 2026
82
-
Президент бюджетті жоспарлау мәселелері бойынша кеңес өткізді17:30, 17 тамыз 2026
31
-
-
-
-
Геннадий Головкинге қатысты дау шықты15:30, 17 тамыз 2026
100
-
Бейбіт Әлібековтің әкесінің жазбалары желіде үлкен дау туғызды15:00, 17 тамыз 2026
91
-
Қазақстан банктері қолма-қол рубль қабылдағаны үшін комиссияны 15 пайызға дейін көтерді14:30, 17 тамыз 2026
41
-
-
Марқұм Бейсен Құранбектің алтын қағидалары14:00, 17 тамыз 2026
114
-
"...жоғалтып алдық"деген Н.Назарбаев үлкен қайғысын жеткізді
17:00, 23 маусым 2026
11330
-
"Жиіркенішті": "Хан" тамаданың тағы бір масқара видеосы тарады
19:00, 10 мамыр 2026
9945
-
-
-
Бір топ азамат министр Сүлейменованың үстінен Президентке шағымданды
11:00, 03 шілде 2026
7344
-
Министр Жұлдыз Сүлейменованың үстінен кімдер қандай арыз түсіргені мәлім болды
16:00, 03 шілде 2026
7133
-
"Әйеліне әпермек болды": Тұңғышбай Жаманқұлов туралы масқара ақпарат шықты
15:00, 12 шілде 2026
6757
-
Назарбаевтың Дариға туралы айтқан құпия аудиосы желіде тарап кетті (ВИДЕО)
15:00, 11 шілде 2026
5999
-
Экс министр Ғани Бейсембаевтың отбасы қара жамылды
11:00, 30 маусым 2026
5839
-
"Некесіз туған ұлы": Мейрамбек Беспаев туралы сұмдық суреттер тарады
16:00, 04 маусым 2026
5533