Әнші Бейбіт Қорған ұсталды

Әнші Бейбіт Қорған ұсталды

Атырау әуежайындағы даулы оқиға кезінде әнші Бейбіт Қорған ұсталып, жауапкершілікке тартылған, деп хабарлайды Democrat.kz Azattyk ryhy сайтына сілтеме жасап.

 

Жергілікті басылымның жазуынша, кешке Атырау әуежайында полиция белгілі әнші Бейбіт Қорғанды ұстаған. Ол қоғамдық тәртіпті бұзып, полиция талаптарына бағынбаған.

 

Көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметінің мәліметінше, 44 жастағы Бейбіт Қорған мас күйде әуежайда тәртіп бұзып жүрген. Ол дауыстап ар-намысты бұзатын сөздер айтқан және полиция қызметкерлерінің заңды талабына бағынбаған.

 

Осылайша, әнші ұсталып, әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Ол қоғамдық орында мас күйде болу, ұсақ бұзақылық жасау және полицияға бағынбау сияқты заң бұзушылықтар үшін жауапқа тартылды.

Барлық жаңалықтар