Әнші Еркін Нұржан ауылда клип түсіріп жүріп, ыңғайсыз жағдайға тап болды деп жазады Democrat.kz.
"Ауылдағы апамыздың үйінде клип түсіріп жатқан едік. Ауылдағы кісілер топырлап үйге келіпті. Сөйтсек, сыртқы қақпада тізіліп тұрған көліктерді көріп, "апамызға бірдеңе болып қалды" деп алаңдап, уайымдап келген екен. Ал біз біраз ыңғайсызданып қалдық" деген Еркін Нұржан ауыл халқының осындай ерекше қасиетіне сүсінді.