Әнші Ернар Айдар өзін сынағандарға жауап беріп, ренішін жасырмады

Әнші Ернар Айдар өзін сынағандарға жауап беріп, ренішін жасырмады

Батыс аймақта өтіп жатқан концертінде әнші Ернар Айдар өзін сынаған хейтерлерге жауап беріп, көрерменін күлкіге қарық қылды деп жазады Democrat.kz.

Таяуда ғана Ақтөбеде өткен концертінде Ернар Айдарды "аузын ашқан" сәті үшін жұрт әлеуметтік желіде әбден сынаған екен. 

Осыған қатысты айтқан әнші: "Өзімнің ораза екенімді ешкім білмесінші, "оразамын" деп әлдеқандай болып, өзімді көрсетпейін деп, Ақтөбедегі концертімде дәл ауыз ашатын сәтте теріс қарап тұрып, суымды ішкен едім. 

Сөйтсем сол тұрысымды түсіріп, желіге жүктеп жіберіпті. Жұрт сынап, түрлі хейттер жазуда. "Неге ауыз ашарда суды отырып ішпейді", "неге теріс қарап тұр", "неге тығылып ішіп жатыр", "бата жасамай, ауыз ашты" деп пікірді сұмдық жазуда. 

Бүгін сол хейтерлеріме көрсетіп тұрып, осы жерде су ішіп, аузымды ашқан сәтімді түсірсем", деп, арнайы отырып, суын ішіп, бата жасап, аузын ашты. 

Барлық жаңалықтар