Әнші Меруерт Түсіпбаева еліміздің бас дәрігері Әлназарова Ақмаралдың айтқан сөзін сынға алды деп жазады Democrat.kz.
Естеріңізде болса, бірер күн бұрын Денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарова "қазақстандықтар болашағын ойламай, зейнетақыдағы ақшаларын жаратып жатыр"деген еді.
Министрдің осы сөзіне қатысты әнші Меруерт Түсіпбаева "Жетіскеннен сол пенсияның ақшасына жабысып отырған кім бар екен? Қалай ойлайсыз, Ақмарал ханым дұрыс айтып отыр ма?"деп сауалнама жүргізді.
