Әнші әрі актриса Меруерт Түсіпбаева белгілі продюсер Баян Алагөзованың қазақ эпосына негізделген жобаларға продюсерлік етуін орынды санамады. Ол Баян Алагөзованың қазақ тілін жетік меңгермегенін атап өтіп, мұндай тарихи-мәдени маңызы бар дүниелерге оның кәсіби деңгейі жеткіліксіз деп мәлімдеді.
Түсіпбаеваның айтуынша, «Қыз Жібек», «Қозы Көрпеш – Баян сұлу» сынды ұлттық классикаларға тек тілді, мәдениетті, дәстүрді терең түсінетін мамандар ғана жауапты болуға тиіс.
Желіде бұл пікір екі түрлі қабылданды: біреулер Меруерттің ойын қолдаса, енді бірі мұндай сөздер дау тудыруы мүмкін екенін айтып жатыр.