Әнші Меруерт Түсіпбаева парақшасында қаралы хабар туралы бөлісіп, әкесінің қайтыс болғанын хабарлады деп жазады Democrat.kz.
"Папам фәни жалғаннан озды …Әдетте, 88 жас деген— той ғой деп жұбатады жақындар , осы сөздермен іштей келісіп , шүкір еткенімізбен , мәңгілікке қоштасу неткен қиын…
Әкем мені , төрт қызының ішінен бөліп , ерекше жақсы көрді ….
Балғабай Тусупбаев Баянауыл өңірінің мәдениеті мен өнерінің дамуы жолында аянбай еңбек еткен, баян мен домбыра аспаптарын шебер меңгерген әуесқой әнші еді. Баян өңіріне есімі кеңінен таныс , өнерлі жан болатын .Рухыңыз пейіште шалқысын , папа…"деп жазды әнші.