Әнші Меруерт ұстаздарды жақтап, оқушының оразасына қатысты пікір білдірді

Әнші Меруерт ұстаздарды жақтап, оқушының оразасына қатысты пікір білдірді

Танымал әнші Меруерт Түсіпбаева әлеуметтік желідегі парақшасында мұғалімдерге құрмет көрсету туралы жазба жариялап, біздегі өзекті мәселені қозғады деп жазады Democrat.kz.

"Кеше , Қазақстаннан Италияға барып мектепте сабақ беретін ұстаздың сұхбатын көзім шалып қалды ….. Рахат - ай !

 Ал , біздің қоғамда қалай?? Оқушы жаман оқыса кінәлі - Ұстаз ! Мектепте төбелессе жауапқа тартылатын - Ұстаз ! Үйіне кетіп бара жатқанда , немесе , мектепке келе жатқада бір пәлеге ұшыраса , құдай сақтасын , кімнен сұраймыз - Ұстаздан !! Әйтеуір , суға салсаң батпайтын , отқа салсаң жанбайтын бір Ұстаздар бар !! Ал , осы мәселе туралы өз қосарым ——- оқушының ораза тұтқанына мен қарсымын!!!

Гаджет әлемінде онсызда білім алу қиындап барады !! Біздің зайырлы мемлекетімізге сауатты , аса білімді ұрпақ қажет !!!Кәмелет жасқа толып , оң - соңын аңғарған соң ұстайды ! Ештеңе де кеш емес!! Ал сіз қалай ойлайсыз?" Деп жазды Меруерт Түсіпбаева. 

Барлық жаңалықтар