Әнші Нұржан Қалжан қазір немен айналысып жүргенін айтты

Әнші Нұржан Қалжан қазір немен айналысып жүргенін айтты

Көптен көрінбей кеткен әнші Нұржан Қалжан әлеуметтік желіден парақша ашып,  ел алдына шықты деп жазады Democrat.kz.

ТикТок парақшасында Нұржан Қалжан қазіргі кезде немен айналысып жүргенін айтып видео жариялады. 

"Бүгіннен бастап, жүруді, жүгіруді қолға алып жатырмын. Алты ай жүгірсем, болды ғой, шыға келем. Қыста той, концерт аз. 

Соған кішкене ақша істеп алайын деп бой жасап жүрмін. Жеңілетін шығармын, бірақ біз де елдің баласы сияқты гонорар қоямыз ғой. Ең болмаса, он, жиырма миллион"деген әнші Еркебұланмен "бойға шығам" деді. 

Барлық жаңалықтар