Танымал әнші Қарақат Әбілдина әлеуметтік желідегі парақшасында ағынан жарылып, жазба жариялап, оқырмандарының ыстық ықыласына бөленді деп жазады Democrat.kz.
Қарақат Әбілдина күйеуі Қыдырәлі Болмановпен демалыс сәтіндегі фотоларын жариялап: "Сезімімді міне, 30 жылға жуық мөлдір күйінде сақтап келе жатқан ақ жігітімді шоколад қылып алдарыңызға алып шықтым.
Жаңа әніме жылы лебіз білдіріп, жақсы пікір қалдырған әрқайсыңызға алғысымыз шексіз!
Иә, сезімді сақтай білу де, аялай білу де – үлкен өнер. Бірақ ол ешқашан бір адамның ғана еңбегімен болмайды. Екі жүрек бірдей ықылас танытып, бір-бірін түсініп, құрметтеп, бағалай білгенде ғана сезім уақыттың сынынан сүрінбей өтеді.
Баршаңыздың жүректеріңіздегі мөлдір сезім ешқашан солмасын!"- деп жазды.
Әншінің оқырмандары бақытты жұптарға игі тілектерін айтып, бақыт тілеп жатыр.