Танымал әнші тағы да дәстүрлі түрде тұсаукесер рәсімін ұйымдастырды, деп жазады Democrat.kz.
Алайда желідегі оқырмандар баласының тұсауын әншіге кестіруді жөн көргендерді жақтыра қоймады.
«Осы тұсауы кесілген 19 қыздың алдағы уақытта өміріне Қарақаттың түк қатысы болмайтынын түсінген кезде оданда жақын туысына кестіру керек еді, тілекшісі, тірегі болатын әкесіне, атасына кестіру керек еді деп өкінетінін біле ме екен», «Қазақтар бай екен, тойға ақшаны аямайды. Ал бірдеңе қымбат болса жылайды», «Мен үшін әкем асқар тау. Қызымның тұсауын әкеме кестіреміз деп шешіп қойдық. Құдай қаласа», – деп жазды жұрт.