Әнші Қарақат Әбілдина марқұм әкесіне арнап ас берді деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы ол желідегі парақшасында жазды.
"Әкем тірі болса, биыл тоқсанның төріне шығар еді. Тағдырдың жазуымен бақилық болғанына 20 жылдың жүзі болыпты… Әке… Осы бір ауыз сөздің өзінде тұтас бір ғұмыр сыйып кетеді.
“Әке - асқар тау” дейді халық. Жанында жүргенде биігін сезе қоймайсың. Асқар таудың биіктігі алыстаған сайын асқақтай түседі екен. Қазір ортамызда болмаса да, әкеміздің қалдырған өшпес ізі, ісімен көрсеткен тәрбиесі біздің жадымызда мәңгі сақталады. Бүгін әкемізді еске алып, Қыдекең екеуміз ақ дастарханымызды жайып, ауызашар бердік. Ауызашарға келген әр қонағымыз қол жайып, “Әумин!” деді. Алла разы болсын! Оқылған Құранымыз қабыл болсын! Жатқан жеріңіз жарық, жаныңыз жәннатта болсын, Жан Әке!", - деді әнші.
Әкесіне арналған асқа өнердегі әріптестері мен Бекболат Тілеухан барды. Ауызашарда Алтынай Жорабаева бастаған әншілер ән айтып, шапан жабылған. Осы тұста желі қолданушылары еске алу кешінің той сияқты өткеніне наразылық білдіріп, түрлі пікір жазды.
"Бұл не сұмдық той емес қой", "Біреу тойып секіреді, біреу тоңып секіреді", "Еске алудан да шоу жасайтын болған", "Ақшасын қайда шашарын білмеген", "Ас бергенде домбырамен өнер көрсететін болған ба", "Құран қайсы, той қайсы", "Ас емес дискотека", "Еске алу концерті", деді олар.