Әнші Қарақат: "Мендегі бақытты айқындап берді"

Әнші Қарақат: "Мендегі бақытты айқындап берді"

Әнші Қарақат Әбілдина парақшасында ерекше жазба жариялап, оқырмандарына алғысын білдірді деп жазады Democrat.kz.

"Кешегі бенефис кеші - мендегі бар бақытты айқындап бергендей.
Сахна төрінде өткен жолымның мәні мен мағынасы айқын көрінді.

Осы уақытқа дейін 10 мыңнан аса сәбидің тұсауын кесіппін,
25 мыңға жуық шәкіртке ұстаз болып, олардың өнерге деген алғашқы қадамына себепкер болыппын.
Талай баланың талабын ұштап, талай қыздың қимас сәтіне куә болып келемін.
Әрбірі - жүрегіме жақын, әрбірі - мен үшін аманат.

Сахнада жүрген жылдарым - тек менің еңбегім емес.
Бұл жол - продюсерім әрі жан жарым Қыдырәлі Болман-ның сенімі мен қолдауының арқасы.
Оның қолдауы - менің қанатым,
оның сенімі - менің тірегім.
Менің жетістігімнің үлкен бөлігі - сол кісінің еңбегі мен демеуі.

Халықтың ықыласы - жолымның жарығы,
ақ жаулықты аналарымыздың батасы - өмірімнің бағы.
Қарасам, өмірім періштелердің арасында өтіп келе жатқандай…
Балалардың күлкісі мен аналардың ақ тілегімен өріліп келеді.

Осындай бақ пен берекеге жеткізген Жаратқанға шүкір.
Маған сенім артқан баршаңызға жүрекжарды ризашылығым шексіз " - деді әнші жазбасында.

Барлық жаңалықтар