Әнші Сәкен "Ислам ғалымдарын" қалай қонақ еткенін көрсетті

Әнші Сәкен "Ислам ғалымдарын" қалай қонақ еткенін көрсетті

"Музарт" тобының әншісі Сәкен Майғазиев ислам ғалымдарын қонақ еткенін көрсетіп, қонақ күту әдебін айтып берді, деп жазады Democrat.kz.

Әнші бұрынғыдай ешкімнің үйіне қонаққа ескертусіз емін-еркін бару жоқ екенін атап өтті. 

“Үйдесіңдер ме, кіріп шығайын деп едік”, "Есіктің алдындағы көлігіңді көріп, үйде екеніңді біліп амандасайын дедім”, деген жақындық қарым-қатынас, ауылдағы қазақылығымыз қалып бара жатқан сияқты.

Ислам ғалымдары Нұрсұлтан бауырым, Қасым бауырым, Төре қонақ болып кетті. Осындай ниеті түзу, енелері жақсы көретін жандар болады. Түс ауа Нұрбол бауырым коңырау шалады:

- Үйде болсаңыздар қолынызды алып, құттықтап шығайық деп едік, - деп.
- Ерген деген жан досыма арнап ет асып жатыр едік, келе қалыңыздар, - деп қуанып кеттім. Сұраса келіп, Нұрсұлтан ұстаз ұлым Әділеттің бажасы болып шықты. Алла тағала орайын келтірген бір ғибратты дидарласу болды. Жақсылыққа балалық", - деді Сәкен Майғазиев әлеуметтік желідегі парақшасында.

Барлық жаңалықтар