Белгілі әнші Шакизада өзінің бала кезде ғашық болғн жігітін елге көрсетіп, біраз сөз естіп қалды деп жазады Democrat.kz.
"Кеше тойға барып, сыныптастарыммен кездестім . Той керемет өтті. Бұл сезімді қайтейін деп әнді орындап тұрған менің мектептегі алғашқы махаббатым.
Мен тұрмын күліп, оляяяя кинодағыдай болып кетпесін деп. Алғашқы бала Махаббаттарыңыз естеріңізге түсті ме? Ұялмай комментарийге жазып отырыңыздар
Алғашқы махаббатыңызға үйленгеніңізде мықты дует болғандай екенсіздер"деп жазды әнші Шәкизада.
Әншінің бөліскен видеосына қатысты оқырмандарының бірі сүйсінсе, енді бірі сөгіп, сынап тастады.
"Қосылып алмайсыңдар ма, ештен кеш жақсы", "Осы қатын жырбыңдайтта жүреді, кап кара болып биреудин отбасын бузып Турсынбектен жуккан гои"деген пікірлерге әншінің өзі "Салем. Мен ешкімнің отбасын бұзған жоқпын. Ойланып сөйлесеңіз дұрыс болар"деп жауап жазды.