Танымал әнші Шәкизада жеке өміріне қатысты сұрақтарға жауап беріп, ел білмейтін қиын күндері туралы айтты деп жазады Democrat.kz.
"Ұлымды туған соң, оған серік болсын, екіншісін туып алайын деп ойладым. Сол кезде ұлымның әкесіне "мен өнерді қоя тұрайын, сен өнерге шық, сахнаға шық" деп өзім үйде отырмақ болдым.
Қарасам, баламның әкесі жаман жолға түсіп, бұзыла бастады. Ащы судан ішіп, ортасы бұзылды. Ол аздай үйде отырған маған тиісіп, қызғанатынды шығарды. Қорлық көрсетуді бастады. Үйде отырған мені басқа біреумен кездесесің дейтін. Соған жылайтынмын.
Өкінішке қарай, өз жолын өзі құртты. Әнші еді" дейді Шәкизада.