Әнші Төреғали шоу жасауға кірісті

Әнші Төреғали шоу жасауға кірісті

Сахнадан кеттім деген Төреғали Төреәлі жаңа тележоба ашты деп жазады Democrat.kz.

«TORE SHOW — менің жаңа авторлық тележобам! Әр бейсенбі, ASTANA MUSIC HALL сахнасында. Жаңа қонақ. Жаңа тақырып. Жаңа ән», - деп жазды әртіс желідегі парақшасында.

Айтуынша бұл кеште бәрі болады:

шынайы арнау,

терең сұхбат,

әсерлі әндер,

ерекше сюрприздер.

Көрермендер саны — небәрі 150 адам. Ерекше атмосферада өтетін, тек қонақтарға арналған кеш.

«Көзді ашып-жұмғанша алғашқы TORE SHOW өтті. Бұл — менің шығармашылық жолымдағы жаңа белес, жаңа тыныс. TORE SHOW — арманнан туған ақиқат», - дейді Төреғали.

⠀Алғашқы бағдарламада Нұрлан имам қонақта болған.

«Бұл кеш — жай ғана шоу емес, бұл — сырласу, бұл — өнердің салтанаты. Әсем зал, көрерменнің ыстық ықыласы, әуен мен әңгіме өрілген сәттер — бәрі жүректе жатталып қалды. Біз енді әр бейсенбіде кездесеміз. Әр бейсенбі — жаңа оқиға, жаңа өнерпаз, жаңа арнау», - деп түйіндеді өнерпаз.

Барлық жаңалықтар