Әнші Төрештің әйелі әлемге жар салып, сүйінші сұрады

Әнші Төрештің әйелі әлемге жар салып, сүйінші сұрады

Әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы әлеуметтік желіде тұңғыш қызы Кәусарға қатысты жүрекке жылы тиетін жазба жариялап, оқырмандарынан сүйінші сұрады, деп жазады Democrat.kz.

Толқынның айтуынша, биыл 11 жасқа толған Кәусар өмірге алты айлығында келген. Содан бері отбасы қызының денсаулығы үшін жылдар бойы күресіп, бірнеше рет ем алып, ота жасатқан. Тіпті Кәусардың емі үшін Қытайда бірнеше жыл жүргендерін де бұған дейін жазған.

Бұл жолы Төрештің әйелі Кәусардың еңбектеп бастағанын айтып, сүйінші сұрады. 

Анасы қызына арнаған өлеңінде осы жылдардағы ауыр сәттерді еске алып, ендігі ең үлкен арманы – Кәусардың өз аяғымен жүріп кетуі екенін жеткізген.

«Сүйінші сұрайықшы: Төрештің Кәусар қызы жүріпті деп», – деп жазды Толқын.

Кәусар – Төреғали Төреәлі мен Толқын Тұрарбекқызының тұңғыш перзенті. Отбасы оның денсаулығына қатысты жағдайды бұған дейін де көпшілікпен бөлісіп, қызының аяққа тұрып кетуін ұзақ жылдар бойы күтіп келе жатқанын айтқан.

Толқынның бұл жолғы жазбасы да жай ғана тілек емес, 11 жыл бойы баласының денсаулығы үшін күрескен ананың үлкен үміті мен арманы ретінде қабылданды.

Барлық жаңалықтар