Әншілердің Жаңа жылдық кеште өнер көрсеткеніне сұрайтын ақысы шарықтап кетті, деп хабарлады «Мүмкін емеске» сүйенген Democrat.kz.
Атап айтар болсақ, Роза Рымбаева, Мақпал Исабекова, Луина, Айқын, Калифарния, Мирас Жүгінісов, Dequine дегендердің сұрайтын ақысы 3 млн-нан 5 млн теңге аралығында. Ал Қайрат Нұртас пен Раим 6 млн теңге болса, Ерке Есмахан 8 млн, Садраддин 11 млн теңгені місе тұтады.
Әзілі мен әні аралас кеш жүргізетін «Ирина Кайратовна» шоуының жігіттері 70 мың доллар, яғни 36, 5 млн теңге алатындарын айтады. Сондай-ақ ұйымдастырушылар команда шығыны үшін қосымша тағы 8 млн теңге төлеуі қажет болады. Ал үлкен халықаралық әрі қайырымдылық жобалардың басы-қасында жүретін
Димаш Құдайберген де жеке кештерде ән салуға әзір екен. Оның бағасы 45 млн-нан бастау алатын көрінеді.
Мерекелік кешін әншімен бірге өткізгісі келетін мекемелер үшін қолжетімді әртістер де аз емес.
Мәселен, сахнаға қайта оралған Қайрат Түнтеков 500 мың теңгеге, Бейбіт Қорған 1 млн, Мәдина Сәдуақасова мен Маржан Арапбаева 1,5 млн теңгеге өнер көрсетеді.
Биылғы жылдың гонорары танымал әншілер үшін 20 пайызға өскен. (Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)