Әлеуметтік желіде Айдана Дастанқызы атты желі қолданушы әпкесін жауыздықпен өлтірген қылмыскерлерге әділ жаза берілмегенін айтып, шырылдап көмек сұрауда деп жазады Democrat.kz.
"2025 жылдың 21 шілдесі күні әпкеме хабарға шыға алмадық. Әпкем табылмаған кейін Шымкент қаласы Қаратау аудандық полиция басқармасына адам жоғалғаны бойынша арыз қалдырдық.
Аталған қылмыс жасалғанға дейін біз полиция органдарына адам жоғалғаны туралы бірнеше мәрте жүгіндік. Тек бос сөздермен «күнде адам жоғалып жатыр», «бір жерде тығылып отыр», «гарантия береміз тірі табылады», «тек ол ғана емес жоғалып жатқан күнде адам жоғалып жатыр» деп шығарып салады. Іздеу жұмыстары дер кезінде басталмаған" деген Айдана Дастанқызы оқиғаның мәнін тарқатып жазды.
"2025 жылдың 21 шілдесі күні менің әпкем аса 26 жарақат алып, қытыгездікпен өлтірілді. Өлтіріп қана қоймай өлі денесін зорлаған.
Арам ісін бітіріп болған соң, мәйітті қапқа салып, қара этиленді пакетке салып қоқысқа тастаған. Мәйіт шілденің ыстығында 10 күн қоқыста жатқан.
Сонымен қатар, іс материалдарына сәйкес, жәбірленушіні өлтіргеннен кейін оның денесіне жыныстық сипаттағы әрекеттер жасалған. Алайда осы мән-жайлар сот пен тергеу тарапынан тиісті құқықтық баға алған жоқ" деген Айдана әділдік іздеп жүргенін айтады.
"Нұрайды көтергендей бұл жағдайды да барынша көтерейікші! Жазықсыз қанша адам өліп жатыр.26 пышақ жарақаты аса қатыгездікпен өлтіріп, өлі денесін зорлап, қоқысқа тастаған.
Мен Сіздерден әділеттілікті орнатуға көмектесулеріңізді сұраймын. Осы істі барынша көтерулеріңізді өтінемін. Менің әпкемді аса қатыгездікпен өлтірді.
Бұл істің Елбасымыз бен прокуратураның назарына жеткізілуін сұраймын", деген Айдана әлеуметтік желідегі парақшасында қылмысқа қатысты бүкіл деректерді жариялады.
