Ақмола облысының төтенше жағдайлар департаментінің ресми парақшасында ерекше видео жарияланды. Видеода жартылай жалаңаш африкалық ер адамдар би билеп, өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады деп жазады Democrat.kz. сайты Stan.kz -ке сілтеме жасап.
Төтенше жағдайлар департаменті оқыс оқиғалардың алдын алу үшін кез келген тәсілдің тиімді екенін, әсіресе жарқын әрі есте қалатын әдістердің маңызы зор екенін атап өтті. Сондай-ақ департамент өкілдері қауіпсіздікті насихаттауға қосқан үлесі үшін “Привет из Африки” ұжымына алғыс білдірді.
“Ақмола облысының құтқарушыларына алыс та ыстық Африкадан келген ұжым көмекке келді. Иә-иә, күншуақты құрлықтың жігіттері ақмолалықтарға оттың қауіпті екенін, ал өрт қауіпсіздігі өте маңызды іс екенін еске салуды ұйғарды. Терезе сыртында саванна емес, дала болса да, өзіңізге және жақындарыңызға қамқор болыңыз”, – делінген департамент жазбасында.