Керекулік қария қажылыққа деп жылдар бойы жиған қаржысын сырқат балалардың аналарына үлестіріп берді деп хабарлайды Democrat.kz. сайты журналист Оңғар Қабденнің жазбасына сілтеме жасап.
"Керекулік Сағадат Жұмабаев биыл 94 ке аяқ басты. 13 жылдан бері Павлодардағы қарттар үйінде тұрып жатыр. Туыс, туғаны жоқ.
Зейнетақысы 200 мың теңге. Соның 62 мыңы жеке есеп шотына түседі екен.
Басқасын мемлекеттік мекеме алады.
Ақсақал жеке жинағынан 3 млн 600 мың теңге үлестірді. Жүріп-тұруы қиын, сал болып туған 30 баланың анасына 120 мың теңгеден таратып берді.
Артынан алды жақын абыз қария осындай көмегін жасауда.
Мұңсыз қоғам жоқ!
Үнсіз қоғам бар...
Үнсіз қалмайық!" деп жазды Оңғар Қабден.