АҚШ Иран режимінің негізгі тұлғалары үшін $10 миллион ұсынуда деп жазады Democrat.kz.
Америка Құрама Штаттары Ирандағы аятолла режимінің шешуші тұлғалары туралы ақпарат бергендерге 10 миллион доллар сыйақы тағайындады.
Нысанаға іліккендер тізімінде:
Аятолла Моджтаба Хаменеи (Аятолланың ұлы);
Али Асгар Хеджази — оның әкімшілік басшысы;
Али Лариджани — Ұлттық қауіпсіздік кеңесінің хатшысы;
Яхья Рахим Сафави — аятолланың аға әскери кеңесшісі;
Эскандар Момени — Ішкі істер министрі;
Исмаил Хатиб — Барлау министрі.
Ақпарат берушілерге қомақты қаржылай сыйақымен қатар, басқа елге қоныс аудару (релокация) мүмкіндігі де қарастырылған.