Иранның жоғарғы жетекшісі аятолла Әли Хаменеи қаза тапқан соң, Карачидегі АҚШ елшілігінің алдына наразылық білдірушілер жиналды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі BBC арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Жиналған топ “Израильге өлім, Америкаға өлім!” деп ұрандап, кешеннің сыртқы қоршауын бұзып өткен. Осыдан кейін елшіліліктің қауіпсіздік қызметкерлері наразыларға қарсы оқ атқан.
Карачи қаласының жергілікті билік өкілі Сукхдев Ассардас Хемнанидің айтуынша, наразылар сыртқы қауіпсіздік шебін бұзған соң елшілік қарсылық білдірген. Оның сөзінше, олар бас қақпа маңындағы автокөлікті өртеп, полициямен қақтығысқан.