АҚШ президенті Дональд Трамп Владимир Путинмен телефон арқылы сөйлескенін, онда АҚШ-тың Иранға қарсы операциясы талқыланғанын айтты деп хабарлайды Democrat.kz.
Трамптың айтуынша, Ресей басшысы Вашингтонның әрекеттеріне таң қалған көрінеді.
"Путин маған бұрын — соңды мұндай нәрсені көрмегенін айтты", - деді ол.
Трамп сонымен қатар АҚШ әлемдік бағаны төмендету үшін Ресей мұнайына қарсы санкциялардың бір бөлігін уақытша алып тастайтынын хабарлады.
"Біз бағаны төмендету үшін Ресей мұнайына қатысты кейбір санкцияларды алып тастаймыз. Жағдай шешілмейінше - кім біледі, біз оларды қайтадан енгізудің қажеті жоқ шығар", - деді АҚШ президенті.