АҚШ сенаторы Нетаньяху мен Иран соғысына қатысты жұрт білмейтін құпияны жайып салды

АҚШ сенаторы Нетаньяху мен Иран соғысына қатысты жұрт білмейтін құпияны  жайып салды

Тегеранда көшбасшылар жерленіп жатқанда, Вашингтонда тағы бір шындық айтылды. АҚШ сенаторы Крис Ван Холлен бұған дейін ешкім айтпаған шындықты айтты деп хабарлайды Democrat.kz.

АҚШ сенаторы қазіргі Иран Израиль соғысына қатысты: "Нетаньяхуға Американы осы соғысқа тартып, Пандораның қорабын ашатын ақымақ АҚШ президентін табу үшін 40 жыл қажет болды" деді. Бұл дәйексөз аймақтағы барлық батыс саясатының үкімі сияқты естілді.

Бірақ Ван Холлен одан әрі қарай, тіпті сұмдық шындықты айтты. Ол ЦРУ деректеріне сілтеме жасап, басқаларға қатаң ескерту жасады. 

"Ирандағы билікті құлату бейбітшілік әкелмейді. Керісінше, аймақ одан да радикалды болады. Ал оның салдары тіпті сорақы болмақ. Мұның ақыры қауіпті қызыл түймені басуға апарып соғуы мүмкін.

Бұл құндылықтар үшін соғыс емес. Бұл "жеткілікті ақымақ"болып шыққандардың қолымен орындалған бір адамның 40 жылдық жоспары. Маскалар шешіліп, Пандораның қорабы қазір әлімге ашылды", деді АҚШ сенаторы.

Барлық жаңалықтар