Біраз уақыттан бері "Пайғамбардың әкесі мен шешесі кәпір болған"деген сөз уахаббиттер мен матуридтердің арасында қызу пікірталас тудыруда деп жазады Democrat.kz.
Әлеуметтік желіде "Холид" атымен танылған уахаббит Ізім Жанұзақ "Пайғамбарымыздың әкесі мен шешесі кәпір болғаны үшін оларға дұға бағышталмайтынын" айтқанын Democrat.kz.жазған болатын.
Пайғамбарға қатысты айтылған осы сөзге қарсы шығып, реніш білдіріп жатқан матуридтер аз емес.
Солардың бірі "Холидке" барынша "Пайғамбардың әкесі мен шешесі кәпір болмағанын" түсіндіруге тырысыпты.
Әйтсе де, дінді бұрмалап, мипаздау, кей тұстарының тігісін жасыру дегенді мүлде жасамайтын уахаббит "Холид" әлгі матуридтің "түсіндірмесіне" ренішін білдірді.
"Қуаныш деген осы жігіт нақты дәлел әкеле ме десем, әншейінде "уахаббиттер оңбаған" дейтін, дәл сол нәрсені өздері жасауда.
Бұларға ешқандай да ақиқат керек емес меніңше. Матуридтер, сендерде ақпарат құралдары сендерде, бүкіл билік сендерде, "уахаббиттермен күресіп жатырмыз" деп өтірік құжат толтырып, ақша алып отырсыңдар! Ең болмаса, нақты дәлелмен видео жарияласаңдаршы!",деген "Холид" матуридтердің діни біліміне көңілі толмайтынын жасырмады.