"Ақша діннен маңызды": Меккеде қазақстандық бала имандыларға жалынып далада қалды

"Ақша діннен маңызды": Меккеде қазақстандық бала имандыларға жалынып далада қалды

Қазақстандық жігіт Ислам мемлекеті, Исламның тұнған жері саналатын Меккеде ерекше бір тәжірибе жасап көрді деп жазады Democrat.kz.

Меккеде жүрген қазақстандық жігіт "ақшам жоқ еді, жеткізіп саласыз ба" деген өтінішпен бірнеше меккелік таксишіні тоқтатты. 

Араб тілінде бірер аялдама жердегі жерге тегін жеткізіп салуды барынша өтінген, Алланың атын аузына алып, өтінген қазақстандық жігіттің өтінішін Ислам елінің ешбір таксишісі орындамады. 

Жайшылықта "дінімізде тек жақсы болуға үндйді, қиналғанға қол ұшын созу керек, мұсылман бауырларға қандай жағдай болса да жәрем етуді дініміз бұйырады" дейтін әдемі сөздерді құйқылжыта төгетіндер діннің дүниеге келген топырағында, Исламның ошағы саналатын Меккеде бүкіл әлемде әлдебір дін емес, кәдімгі қағаз ақшаның маңызды екенін тағы бір дәлелдеп көрсеткендей. 

Видеоға қатысты "бізде болса, "жақсы" деп таксист ала кетер еді" деген бір сөйлем адами қасиеттің әлдебір дінмен емес, атадан балаға қанмен берілетінін де дәлелдеп көрсетсе керек. Осыдан кейін ұлттың ұлылығы, адамның тектілігі дін атаулымен салыстыруға келмейтін дүниелер екенін мойындау қиын ба? 

Барлық жаңалықтар