"Ақша жинап, мұғалімге алтын тағып, дастарқан жаямыз": Журналист үндеу жасады

"Ақша жинап, мұғалімге алтын тағып, дастарқан жаямыз": Журналист үндеу жасады

Белгілі журналист Гүлмира Әбіқай мектеп бітіру кеші, ақша жинау мәселесіне қатысты пікір білдіріп, жұртты ысырапшылдықтан ұзақ болуға шақырды деп жазады Democrat.kz.

"Кез-келген ысырапқор - қоғам жауы депті бір ғұлама. Келісесіз бе?

Оқу жылының соңында ата-аналардан келген көп хаттың мазмұны бір. Выпускнойға ақша жинап жатырмыз, қосатын ақшаға қиналсақ та дастархан жаямыз, жұрттан қалмау керек. Мұғалімдерге алтын әпереміз, 5 балам мектепте оқиды, бәріне ақша жинаймыз. Тіпті, 1 маусым балалар күніне орай бақшалар ақша жиып, аста-төк дастархан жайып, сыйлық аламыз деп аласұруда.

Жыл сайын қайталанатын осындай алашапқын бізге қажет пе? Мұндай есепсіз науқанның соңы ысырап.

Бұдан бөлек, салтанат залына жылтыр жабулы атпен кіріп, тойға атаған өгіз-қошқарын залға арқалап келетін ағайынның қарасы көбейген. Нені дәлелдегісі келеді, кімге дәлелдегісі келеді.

Қытай керісінше, байлықты көрсетуге тыйым салды. Лакшери блогерлер бір күнде парақшасын өшіріп, дәулетін тығып әлек. Біз болсақ, керісінше, бастауыш бітіру кешінде лимузинмен қыдырып, әйтеуір, аста-төктен арыла алмай келеміз.

Бардың бағасын білсек жеткілікті. Ысырап - ешқашан, ешкімге береке әкелмеген, ағайееен!"деп жазды журналист. 

Барлық жаңалықтар