Оқу ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова аттестация жүйесіне енгізіліп жатқан өзгеістерге байланысты педагогтардан келген сұрақтарға жауап беріп, арнайы мәлімдеме жасады деп хабарлайды Democrat.kz.
Министр өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында әлеуметтік желілерде жазылып жатқан сұрақтарды қарап шыққанын айтып: "Сұрақтарды зерделеп, негізгілеріне жауап бергіміз келеді.
Бірінші, биыл аттестацияға қатысқан барлық педагогтардың құқығы толық сақталады. Яғни, бүгінге дейін "ОЗП" тестін тапсырған, портфолиосын жүктеген барлық педагогтар жалпы аттестация процесін толық аяқтайды.
Тесттен өткен, "ОЗП" тапсырған, бірақ портфолиосын жүктеп үлгермегендерге біз қосымша мүмкіндік қарастыратын боламыз. Сіздерге нақты уақыт ашылады. Сіздер өз портфолиоларыңызды жүктеп, өтініштеріңізді беріп, осы аттестацияның рәсімін толық аяқтайтын боласыздар.
Биыл негізі "ОЗП" тестін тапсырып, шекті балын жинай алмаған, барлық тіркеуден қайта өтіп, сәуір айында екінші, ақылы негізді өздері тест күтіп отырған ұстаздар, сіздерге төлеген ақшаларыңыз қайтарылады. Қазіргі категорияларыңыз сақталады. Сіздер жаңа аттестация кезеңіне, яғни 2027 жылғы қаңтар айына дейін өз категориялрыңызды сақтайсыздар.
Қаңтар айында жаңа ережелер енгізілетін болады. Сол жаңа қағидаттармен бірге жаңа аттестация процесін бастайтын боласыздар", деді Жұлдыз Сүлейменова.