Ақтауда қоғамдық орында ер адам келушілердің біріне тура барып оқ атқан, деп жазады Democrat.kz. сайты MadeniPortal.kz.-ке сілтеме жасап.
Оқиға 8 шілдеге қараған түні, шамамен сағат 01:00-де болған.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің мәліметінше, күдікті ұсталды.
Зардап шеккен азаматқа медициналық көмек көрсетілді. Оның өміріне қауіп төніп тұрған жоқ.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның өзге мән-жайы мен қатысушылардың әрекетіне берілетін құқықтық баға әзірге жарияланған жоқ.