Ақтауда паб келушісінің бетіне оқ атқан ер адамның ісі сотқа жетті

Ақтауда паб келушісінің бетіне оқ атқан ер адамның ісі сотқа жетті

Ақтаудағы пабта жанжал кезінде келушінің бетіне қарудан оқ атылды. Тергеу аяқталып, күдіктіге қатысты қылмыстық іс сотқа жіберілді. Айып дәлелденсе, оған жеті жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалуы мүмкін, деп жазады Democrat.kz⁠.

Маңғыстау облысы прокуратурасының мәліметінше, оқиға Ақтау қаласындағы пабтардың бірінде болған.

Екі адамның арасында жанжал туып, айыпталушы қару қолданып, екінші келушіге оқ атқан. Жәбірленуші дене жарақатын алған.

Бұған дейін полиция ер адамның бетіне «аңшы сигналы» деп аталатын іске қосу құрылғысынан атылғанын хабарлаған еді.

Оқиға видеокамераға түсіп қалған.

Қазір сотқа дейінгі тергеу аяқталып, іс Қылмыстық кодекстің атыс қаруын қолдану арқылы жасалған бұзақылық туралы бабы бойынша сотқа берілді.

Бұл бап бес жылдан жеті жылға дейін бас бостандығынан айыруды қарастырады. Айыпталушының кінәсі сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін ғана түпкілікті анықталады. 

Барлық жаңалықтар