Ақтау қалалық электр желілері басқармасының директоры алаяқтыққа қатысты қылмыстық іс аясында қамауға алынды. Тергеуді ҰҚК-нің Маңғыстау облыстық департаменті жүргізген, іс прокуратураға жіберілді, деп жазады Democrat.kz.
Басшыға қатысты сотқа дейінгі тергеу 22 шілдеде басталған.
Істі Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті жүргізді.
13 қыркүйекте прокуратура өкілдері директордың қамауда отырғанын растады.
Тергеу алаяқтық дерегі бойынша жүргізілген.
Қазіргі уақытта сотқа дейінгі тергеу аяқталып, материалдар Маңғыстау облысының прокуратурасына берілген.
Прокуратура енді іс материалдарын зерттеп, оны сотқа жолдау немесе процессуалдық басқа шешім қабылдау мәселесін қарайды.
Күдіктінің кінәсі сот үкімі шыққанша дәлелденген болып саналмайды