Халқымыздың ардақты тұлғасы Мұхтар Шахановтың шаңырағына арнайы барып, қайғылы хабарға ортақтасқан Димаш Құдайберген үлкен құрмет пен ізеттіліктің үлгісін көрсетті деп жазады Democrat.kz.
"Ақын ағамыздың ауыр қазасына көңіл айтып, құран бағыштап, отбасының жанынан табылуы — оның тектілігі мен адамгершілігін айқын көрсетеді.
Осындай сын сәтте қолдау білдіру — нағыз азаматтың ісі.
Жарықтық ағамыздың ұлының рухы шат, жатқан жері жайлы болсын. Пейіл мен мейірім таратқан Димашқа алғыс!"деп жазды Димаштың фан парақшасы.