Ақын Шалқарбай Ізбасаров Жүрсін Ерманның батасын алды

Ақын Шалқарбай Ізбасаров Жүрсін Ерманның батасын алды

Ақын Шалқарбай Ізбасаров айтыстың аңызы Жүрсін Ерманның шаңырағына арнайы барып, сәлем берген деп хабарлайды Democrat.kz Politico.kz сайтына сілтеме жасап.

Шалқарбай Ізбасаров Instagram желісіндегі ресми парақшасында Жүрсін Ерманға арнайы сәлем бере барғанын жазып, бірге түскен фотосын жариялады.

"Алаштың абызы, аңыз адам Жүрсін Ерман ағамызға сәлем беріп, батасын алып қайттым бүгін... Аман жүріңіз, қазақ айтысының реформаторы", – деп жазды Шалқарбай Ізбасаров.

Бұл фотоны көрген желі қолданушыларының көбі айтыстың абызы Жүрсін Ерманға денсаулық тіледі. 

"Жүдеп кетіпті", "Жүрсін Ерманға амандық тілейміз", "Айтыс өнерінің абызы", "Өзіңізге амандық тіледім", – деп жазды желі қолданушылары.

Барлық жаңалықтар