Ақырзаманның мәһшары басталды ма?

Ақырзаманның мәһшары басталды ма?
Журналист, блогер Жанат Бақыт көрерменін тағы бір жаңалығымен таңғалдырды деп хабарлайды Democrat.kz ақпараттық порталы оның парақшасына сілтеме жасап. "Мәһшар сәті немесе судный день -адамзаттың ақіретте қайта тіріліп, жақсылығы мен жамандығы таразыға тартылып, есеп беретін жері" дейді дінде. Біз бұл сөздің мәнін бұған дейін – Жаратқанның алдына барып, ұзын-сонар отчет тапсырамыз деп елестетіп келдік. Бірақ бұл жерде "адамның қайта тіріліп" деген сөзі тұр ғой, оны қалай түсінеміз?" деп сауал тастаған Жанат Бақыт өз сұрағына: "Карма, инкарнация, реинкарнацияның мәнін ұғынып, бұған дейінгі өмірде кім болдық, не бітірдік, тағдыр кітабымызға қандай опыт жинадық  – Рухымыхға есеп беруіміз екен. Мәһшар сәтінің мәні осы. Ал есеп беру барысында – өткен өмірлерде біреуге қарыз болсақ, біреудің ақысын жеп қойсақ – қазіргі переход кезеңінде біздің Рух соны өтетіп жатыр" дейді. Ал алаяққа алданудың себебін көріпкел-блогер: "Кредитке, қарызға кіріп кетіп, алаяққа тап болып жатқан себебіміз сол. Ол-негізінде өзіміздің берешек ақшамыз. Өтеп жатырмыз. Ғалам себебі өте әділ. Не үшін өтетуде? Жаңа дәуірге- жаңа, тап-таза адам болып қадам басуыңыз үшін" деген жауаппен түйіндейді. Фото көрнекілік үшін ашық дереккөзден алынды.  
Барлық жаңалықтар