"Әр мұғалім мен шенеуніктің дипломын тексерсе, талай былықтың беті ашылар еді" дейді қоғам белсендісі

"Әр мұғалім мен шенеуніктің дипломын тексерсе, талай былықтың беті ашылар еді" дейді қоғам белсендісі

Білім саласына қатысты маңызды дүниелер жазуымен елге танымал қоғам белсендісі Ербол СӘБИТОВ дипломға қатысты тағы бір пікірімен бөлісті деп жазады Democrat.kz.

"Арасында Түркия жаңалықтарын қарап отырамын. Ыстамбұл әкіміне жалған дипломмен жұмыс істеп жүр деген айып тағылып, сотталып жатыр. 20 млн-дық қаланың әкімі. Бұл бір прецедент қалыптастырды. Қазір Түркиядағы бүкіл партия басшыларының дипломына қатысты, әкімдердің дипломына қатысты зерделеу жұмыстары жүріп жатыр. Халық арасында сауалнамалар жүргізіп жүрген медиа агенттіктер бар. Қызық жағдай. Мысалы “Қай партия төрағасы универсиетті үздік бітірген? Немесе түген әкім қай универде оқығанын білесің ба?…деген сияқты түрлі сұрақтар бар Бізде де мектеп мұғалімдері арасында түбірі жоқ жалған “диплом” арқылы жылдар бойы жұмыс істегендер анықталып қалып жатыр ғой. Сотқа жеткенін білмедім. Бірақ, жұмыстан шығып, алған айлығының ақшасын құйған жағдайлар бар…. Осы диплом мәселесі бойынша мемлекеттік саяси және әкімшілік қызметкерлер арасында зерделеу жүргізсе де біраааз “жаңалық” шығады-ау…. Универдің “сыртында” жүріп диплом алған, әрең жүріп бітіріп енді елге ақыл айтып отырғандар бар ғой бізде де…кейбірін танимыз дегендей..." деп жазды Ербол СӘБИТОВ. Фото көрнекілік үшін.
Барлық жаңалықтар