Әлеуметтік желіде тараған видео жұрттың жағасын ұстатты деп жазады Democrat.kz.
Видеода "Арай! Арай, қолыңды бір рет ұстайыншы!" десіп шулаған жастар бір қызды қаумалай, оған деген ықыластарын білдіріп, кәдімгідей табыну үлгісін көрсетуде.
Арай деген кім деп іздестіріп, анықтағанымыз әлеуметтік желіде миллиондаған жазылушысы бар блогер екен. Ұтысқа көлік ойнатып, косметика, билеттер, курстар мен тауар сататын блогер екен.
Десек те, бұл қыз үшін жастардың бұлай жапырылуын жұрт түсінбей жатыр. "Арай деген кім?" дескендер аң-таң.
Жұрттың ашуына тиген ең сорақы жайт - жастардың "қолдан құдай жасап алып" мынадай табынушылық әрекетке барғаны болды.