"Арамтамақтар" дескен жұрт Бас мүфтидің Меккедегі асын сынап тастады (ВИДЕО)

"Арамтамақтар" дескен жұрт Бас мүфтидің Меккедегі асын сынап тастады (ВИДЕО)

Әлеуметтік желіде "Қазақстанның Бас мүфтиі Меккедегі қажыларға арнап ас берді" деген видео тарады деп жазады Democrat.kz.

Жарияланған видеодан өте бағалы ас-суды көруге болады. Табиғи шырындар мен "швед үстеліндегі" самсаған тәттілер көздің жауын алады. 

"Зүлхиджа айының  8-інен бастап қажылықты бастаймыз. Бас мүфтиіміздің ұйымдастырып жатқан дастарқаны Меккеде жайылды" деген қазақстандық қажы мүфтиятқа алғысын білдірді. 

Әйтсе де, видеодағы бұл көрініс кейбіреулерге ұнамаса керек, "арамтамақтар", "таза пропаганда", "сол жақта біржолата қалып қойсаңдар екен", "дүниеге қызықпаңдар, дастарқан жайып ысырап етпеңдер деп алып, өздерінің жасап жүргенін қарашы!" деген пікірлер жазуда. 

 

Барлық жаңалықтар