Мәжіліс депутаты Ардақ Назаров әлеуметтік желідегі парақшасында адамгершілік туралы жазба жариялады деп жазады Democrat.kz.
“Біреулер нығмет-байлықпен мас, біреулер жалған мақтау-дәріптеумен мас, ал енді біреулер күнәларын ешкім білмегеніне мәз“
“Қалағаныңша өмір сүр, бірақ түбінде сен о дүниеліксің.
Қалағаныңды сүй, бірақ түбінде сен одан ажырайсың.
Қалаған іс-әрекетіңді істе, бәрінің де жазасы бар”
“Адамдардың ең бақыттысы – жүрегі таза, денесі сабырлы, қолындағы барға қанағат етушісі”деп жазды депутат.
Оқырмандары тарапынан кезекті сыни, мазаққа толы пікірлер жазыла бастағаны ұнамады ма, депутат кейінірек пікір жазу тетігін өшіріп тастады.