Ардақ Назаров қазіргі парламент, үкімет туралы саяси баға берді

Ардақ Назаров қазіргі парламент, үкімет туралы саяси баға берді

Кезінде парламентте небір тұлғалар отырды ғой. Шерхан Мұртаза, Әбіш Кекілбаев деген сияқты. Біз сол ағалардың артынан келе жатқан буынбыз. 

Мүмкін олар сияқты кей мәселелер көтерілмей жатқан шығар. Бүгінгі депутаттар өте белсенді. Қаншама саяси мәселелер айтылып жатыр. Халықтың мұң мұқтажы айтылып жатыр. 

Парламент деген нәрсе халық пен биліктің арасындағы алтын көпір ғой. Халықта бір жағдай болса, депутаттар шырылдайды, үкіметке, министрлерге "неге мынаны шешпейсің, не қарап отырсың?" дейді.

Егер үкімет депутаттардың айтқанын орындаса, халықтың жағдайы жақсаратын еді. Өйткені халық шырылдап бізге келеді бірінші, біз мына жаққа жеткізушіміз.

Депутаттар билікке мастанған жоқ әлі.  Бесінші шақырылымның депутаттарын мен қонаққа шақырдым. Олар келгенде, қазіргі депутаттар орнынан атып, тұрып, орын береді. Осылайша орын беріп, беріп, қазіргі депутаттар аяқ жаққа түсіп кетті. 

Сол кезде бесінші шақырылымның бір депутаты "Мәәә, Ардақ, мыналар деген не деген қарапайым. Қазақтың қарапайым жігіттері ғой"деп таңғалды. 

Қазіргі депутаттардың ішінде қарапайым, өте керемет жігіттер көп. Мен араласып жүрмін ғой. Көліктері жоқ, үйлері жоқтары бар. Соған қарамастан елге қызмет етіп жатыр"деген Ардақ Назаровқазіргі депутаттардың атқарып жатқан ерен еңбегіне ұрпақ баға беретінін айтады. 

Барлық жаңалықтар