Ардақ Назаровтың әйелі сұхбат беріп, сынның астында қалды

Ардақ Назаровтың әйелі сұхбат беріп, сынның астында қалды

Депутат, спортшы Ардақ Назаровтың әйелінің берген сұхбаты әлеуметтік желіде тарап, жұрттың қызу талқысына түсті, сын тезіне ілікті деп жазады Democrat.kz.

Өз сұхбатында депутаттың келіншегі күйеуінің спорт әлеміндегі алғашқы қадамдарын, балалық шағында қалай спортқа барып бастағанын айтады. 

"Жолдасымның өмірбаянына үңілетін болсақ, анасының ауылдағы қарапайым спортына апарғанын өзі де айтып отырады. Неге, өйткені ол кішкентай кезінде әлдебір әлімжеттік көрген бе, солай болған екен. 

Үшінші сыныпта барған екен. Ал қазір үш жасында апарамыз ғой, біраз кештеу сияқты. Сонда да анасы оны сол кезде спортқа апармаса, оның қыры ашылар ма еді деп ойлайсың ғой. 

Кейін де мен келін болып түскен соң, оның анасының, енемнің ол жарыстарға кеткенде, жанкүйер болып, тақым қысып отырғанын талай рет көрдім", дейді депутат Ардақ Назаровтың әйелі Маржан Болатханқызы.

Желіде тараған бұл видеоға қатысты жұрт "депутаттың өзі бітіп, енді әйелінің сериалы басталды ма", "әйел Назаров 1 сезон, 1042 серия", "ойлаңызшы деп қойсаңызшы", "мынаның енді әйелі шықты ма", "құдай теңімен қосады ғой", "Ардақ бір сөзінде папам спортқа тартты деген еді ғой" дегенге саятын пікір жазып, күлкіге айналдыруда. 

 

Барлық жаңалықтар