Әрең сөйлеп отыр: Мұхтар Шахановтың қазіргі жағдайы жұртты алаңдатты

Әрең сөйлеп отыр: Мұхтар Шахановтың қазіргі жағдайы жұртты алаңдатты

Әлеуметтік желіде ақын Мұхтар Шахановтан бата алғандарын мақтанышпен жеткізген аспаз қыздар видео жариялады деп жазады Democrat.kz.

Ақынның үйінде арнайы шақырылған аспаз келіншектер "ақын атамыз бата берсінші" деп өтінді. 

Қарттық меңдеген ақын Мұқтар Шахановтың батасының сөздерін толық түсіну мүмкін болмаса да, жүректен шыққан игі тілекті айтып отырғанын оқырмандар айтқызбай түсінді. 

Келіншектерге батамен бірге өз өлеңінен жатқа оқып берген ақын "шындықтың биігінен көрініңдер" деп бет сипады. 

Видеоны көрген оқырмандар "ақын атамыз қатты қартайып кетіпті", "ақынды көріп, жүрегім ауырып кетті, қатты қартайыпты", "қазақтың ұлы ақыны ғой", "осы кісі тіліміз, еліміз үшін үлкен күресте болды, құдайым денсаулық берсін" десті.(Мақаланың өңін өзгертіп, ұрлап, сілтемесіз көшіріп басқан сайтты сотқа беретінімізді ескертеміз!)

Барлық жаңалықтар