"Армандапсың!": Тұрсын Алагөзов Қазақстанның президенті болғысы келе ме?

"Армандапсың!": Тұрсын Алагөзов Қазақстанның президенті болғысы келе ме?

Танымал кәсіпкер Тұрсын Алагөзов кезекті бір сұхбатында саяси сұраққа нақты жауабын берді деп жазады Democrat.kz.

"Осы сәтті пайдаланып, бүкіл қазақстандықтардың алдында айтарым, менде президент болсам деген ниет әу бастан болған емес. 

Президент болу қолымнан да келмейді. Кейбіреулер сыртымнан "президент болғысы келеді" деп жүрген көрінеді. Жоқ, менің ондай ниетім де жоқ", деді кәсіпкер.

Тұрсын Алагөзовтің бұл сөзіне қатысты "армандапсың", "бұған президент бол деген біреу бар ма?", "Баян өтінсе, бұйырса ше?", "жетпегені сен едің" дегенге саятын пікірлер жазуда. 

 

Барлық жаңалықтар