Армандарын ажал жалмады: Апатқа ұшыраған ұшақтағы бір отбасының оқиғасы

Армандарын ажал жалмады: Апатқа ұшыраған ұшақтағы бір отбасының оқиғасы

Кешегі болған Үндістандағы ұшақ апаты талай адамның арманын ажалға айырбастағаны мәлім. Сондайлардың бірі Пратик Жошы деп жазады Democrat.kz.

Пратик Жошы ұшақ апатында тұтас отбасымен ажал құшқан. Олар отбасымен Лондонға көшіп кетіп бара жатыпты. Бұл туралы журналист Шыңғыс Мұқан өз парақшасында: "Суреттегі жігіт ағасы Пратик Жошы. Соңғы алты жылдан бері Лондонда дәрігер болып жұмыс істеп, жағдайын жасап, бала-шағасының құжаттарын реттеп, үй-жайын қамдап, Үндістаннан отбасын көшіріп алып кетуге келген екен. Әйелі Коми Вьяс те дәрігер, Үндістанда бір ауруханада жұмыс істеген, екі күн бұрын жұмысынан шығыпты. Ұжымы да тілек жаудырып шығарып салған. Үш баласымен бірге киім-кешегін қуана сөмкелерге салып, үлкен үмітпен Air India-ның Британияға аттанар 171-рейсіне мініп, селфилете суретке түсіп, ағайын-тума чатына осы суретті салған екен. Алайда олар діттеген жеріне жете алмады. Ұшақ апатқа ұшырады. Бір сәтте бүтін бір отбасының арманы көкке ұшты. Бұл — өмірдің қаншалықты нәзік екенін еске салатын ащы шындық. Қанша тырыссаң да, жиған дүниең, үмітің — бәрі-бәрі жіпке ілінгендей ілекер. Сондықтан, өміріңнің барында, ойна да күл. Апат айтып келмейді, десе де бетін аулақ қылсын!" деп жазды. Фото автордың парақшасынан.
Барлық жаңалықтар