Әлеуметтік желіде «Арқанкерген» оқиғасында қаза тапқан Денис Рейдің анасының сұмдық видеосы тарады деп жазады Democrat.kz.
Марқұм шекарашы Денис Рей «Арқанкерген» оқиғасында көз жұмған еді. Денистің анасы сол қаралы түні «Арқанкергенде» оқиға қалай өрбігені туралы өз нұсқасын айтты.
«Дәл сол күні «Шекарашылар күні» болды. Болат Назарбаев өзінің нөкерлерімен сол жаққа «Шекарашылар күнін» тойлауға келеді. Оларға не істесе де бола беретін байлар ғой.
Менің ойымша, ол жерге орман күзетшісін бекерге қоймаған. Бірінші сол күзетші өлтірілген болуы мүмкін. Өйткені менің ойымша, әлгілер ол жерде көзіне түскен затқа оқ атқан. Ал біздің балаларымыз қас қылғанда, сол сәтте сол жерде болып қалған.
Неге екі күн бойы сұмдық оқиға туралы ел алына шығып, ештеңе айтпады? Меніңше, екі күн бойы олар бәрін тазалаған», - дейді Денис Рейдің анасы.