"Арықтату дәрісін ішіп онкологиядан бір-ақ шықтым"деп жылаған қыздың өкініштен өзегі өртенді

"Арықтату дәрісін ішіп онкологиядан бір-ақ шықтым"деп жылаған қыздың өкініштен өзегі өртенді

"Молекула" салмақ тастату дәрісін ішіп, пұшайман халге түскен қыз басқаларға ескерту жасады деп жазады Democrat.kz.

"Әлеуметтік желілердегі түрлі жарнамаларға сеніп, артық салмақтан арылайын деп "Молекула" дәрісін алып іштім.

Ә дегеннен дәрі жайсыз әсер етті. Біраз уақыттан кейін ағзамның кей тұстары мазалап, өзімді нашар сезіне бастадым. 

Уақыт өте келе менен қан кете бастады. "Полип, киста" деген диагнозым рак ауруының екінші сатысынан шықты. 

Әлі де сене алар емеспін..." Деген қыз "арықтатудың ешбір дәрісін ішпеңдер! Табиғи жолмен болмаса, кез келген дәрі адамның денсаулығын құртады" деп ескерту жасады. 

 

Барлық жаңалықтар