Қазақтың аңыз актері Асанәлі Әшімов 89 жасына қараған шағында өмірден озды деп жазады Democrat.kz.
Бұл туралы журналист Диас Нұрақын жазды.
"Театр және кино тарланы, күллі қазақтың ақсақалы Асанәлі Әшімов мәңгілік мекеніне аттаныпты. Иманы жолдас болсын!", - деп жазды ол Facebook желісіндегі парақшасында.
Асанәлі Әшімұлы Әшімов (8 мамыр 1937 жыл, Сарысу ауданы, Жамбыл облысы) — кеңестік және қазақстандық кино және театр актері, кино және театр режиссері, театр педагогы, профессор. Қазақ КСР халық әртісі (1976), КСРО халық әртісі (1980). Қазақ КСР мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1973), КСРО мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1974). Қазақстан театрлар ассоциациясының президенті. Мұхтар Әуезов атындағы Қазақ мемлекеттік академиялық драма театрының көркемдік жетекшісі.