Асанәлі Әшімовтің азан шақырған видеосы тарады

Асанәлі Әшімовтің азан шақырған видеосы тарады

Марқұм Асанәлі Әшімовтің қызы Сағина Әшімова отбасылық архивтен видео жариялап, жұртты таңғалдырды деп жазады Democrat.kz.

Видеода абыз ақсақалдың немересіне азан шақырып ат қойып жатқан сәті бейнеленген. 

Сағинаның қызына "Аяна" деп ат қойған Асанәлі Әшімов араб сөздерін қолданбаса да, қазақы таныммен сәбидің құлағына үш рет "сенің атың Аяна" дейді. 

Атақты актерді дінге сенбейді, атеист деп айыптайтындар осы видеодан кейін оның қазақы дүниетаныммен өмір сүргенін анық мойындап, рухына бас иіп жатыр. 

Дайындаған Әлия БОЛАТҚЫЗЫ. 

Барлық жаңалықтар