Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы қара жолдардың біріндегі жұтылған миллиондарға қатысты видео тарады деп жазады Democrat.kz.
Желіде тараған видеода республикалық маңызы бар Өскемен- Алтай- Үлкен Нарын- Қатон Қарағай -Рахманов бұлағына бағытталған 56-72 шақырымдық қара жолды "кесіліп тасталған" бөлігі көрсетілген.
Видеоны жариялаған автор: "Уақыт мерзімі біткен бе, мына жолды неге кесіп тастаған? Бізде мынадай тегіс жол қалада да жоқ қой! Өкінішті.
Техникке барып, арнайы сұрадым. Техник те неге жолды кесііп тастағанынан хабары жоғын айтты"деген желі қолданушы қазіргі кезде көпір салу жұмыстарының қалай жүріп жатқанын да көрсетті.
Желіде тараған бұл видеоға қатысты "ҚазАвтоЖолдың" ШҚО бөлімінің әлеуметтік желі парақшасы: "Видеода көрсетілген автожолдың бір бөлігіӨскемен- Алтай- Үлкен Нарын- Қатон Қарағай -Рахманов бұлағына бағытталып, Осиновский өткелін айналып өтуге арналған.
Жолдың асфальт бетон төсегіші өткен жылы жасалған. Ұлттық сапа орталығының сынағынан кейін асфальт бетон қоспасының талапқа сай жасалмағаны анықталды. Сол себепті жолдың осы бөлігі қабылданбады.
Биыл осы жолды талапқа сай жасаушы ретінде басқа мердігер таңдалды" деп жауап берді.
Видеоға қатысты жұрт "жаңа мердігерге ақша беру үшін жолды кесіп тастаған", "миллиондар осылай жұтылып жатыр", "біздегі ақша жеудің жүйесі" дегенге саятын пікір жазуда.